t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Үржардағы жол апаты: көз жұмған балалар туыстарының үйіне қонаққа келген

Абай облысының Үржар ауданында болған қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Облыстық әкімдік мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Сондай-ақ 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алуда.

Зардап шеккендер – екі отбасының балалары. Қайтыс болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген, біреуі Үржар ауданының тұрғыны. Жарақат алған үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі Жарма ауданынан екені белгілі болды, - делінген мәліметте.

Облыс әкімдігі тарапынан қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек те беріледі.

Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы құрылған. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында, - деп қосты әкімдік.

Бұған дейін бүлдіршінге күрделі операция жасалып жатқанын алға тартты.