Жаңалықтар

Ұрып-соғу бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі ұлғайтылады

Ұрып-соғу бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі ұлғайтылады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.01.2024 18:01 1816

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заң нормасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы әкімшілік құқық бұзушылықты қылмыстық кодекске ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Қылмыстық кодекстің ішінде жоғары деңгейде денсаулыққа зиян келтіру бойынша тек қана бас бостандығынан айыру жөнінде норма талқыланып жатыр, - деді вице-министр.

Демек, ұрып-соққан жағдайда зәбірлеуші денсаулыққа зиян келтіру деңгейі бойынша бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл мәселелер қазіргі таңда осы жауапкершілікті қатаңдату, күшейту мақсатында жасалынып жатыр. Бұған дейін ұрып-соғу бойынша 10 тәулік, кейін бірқатар өзгерістерден кейін 15 тәулікке қамау жөнінде шаралар қабылданған болатын. Қазіргі таңда мұны қылмыстық кодекске аудару бойынша заң нормалары мақұлданса, бас бостандығынан айыру мерзімі ұлғайтылады, - деді әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға