Ұрылар танымал актердің үйін тонап кетті
27.06.2025 09:20
Фото:
Matt Winkelmeyer/Getty Images
Үш қаскүнем қоршаудан асып өтіп, терезені сындырып, Голливуд актері Брэд Питтің Лос-Анджелестің беделді ауданындағы зәулім үйінен мүлік ұрлап кеткен. Полиция оқиғаны тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы бейсенбі, 26 маусым күні, дереккөзге сілтеме жасай отырып NBC News хабарлады.
Телеарна тілшілеріне сұхбат берген дереккөздердің айтуынша, ұрлық болған кезде актер үйде болмаған. Лос-Анджелес полициясының өкілі сәрсенбі күні кешке Голливудқа жақын орналасқан Лос-Фелис ауданында ұрлық болғанын растады, бірақ үйдің иесі немесе онда кім тұратыны туралы нақтыламады.
Ресми деректерге сәйкес, белгісіз адамдар үйдің астан-кестеңін шығарып, құны әзірге белгісіз мүлікті алып кеткен. Полиция үш ер адамды іздестіріп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

