Жаңалықтар

ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 мүшесін ұстады

ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 мүшесін ұстады
Фото: ҚР ҰҚК 06.10.2023 10:36 873

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді.

Топтар өз әрекеттерін Қытаймен («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған, - делінген мәліметте.

Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға