Биыл тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстанның екі азаматы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

