ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты пікір білдірді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда оқып жүрген Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Комитет мәліметінше, жас жігіт 3-курста оқып жүрген. Қайғылы оқиға ол кезекті демалысқа босатылған кезінде болған. 

22 қыркүйек күні Алматыда көпқабатты тұрғын үй ауласында үшінші курс курсантының денесі табылды. Ол демалыста болған. Өлім себебі - биіктен құлау. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлары анықталуда,-делінген мәліметте.