Видеодан кадр

ҰҚК Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің қалай ұсталғанын көрсетті (ВИДЕО)

04.08.2025 10:20

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ресми ақпаратта.

ҰҚК таратқан бейнежазбадан құқық қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып жатқан сәті анық көрінеді. Кейін тергеушілер оның үйіне тінту жүргізуге барады. Тергеу амалдары барысында вазадан қомақты көлемдегі қолма-қол ақша тәркіленеді.

Еске сала кетейік, Сәтжан Аблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат 2 тамызда жарияланды. Ол пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ көлік-коммуникация академиясын тәмамдаған.

2023 жылдың қазан айынан бері ҚР Көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде түрлі лауазымда жұмыс істеген.