Жаңалықтар

ҰҚК кеншілерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады

ҰҚК кеншілерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады
Фото: polisia.kz 14.02.2024 09:37 598

Қарағанды облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ-ның жұмыскерлерімен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz былтыр желтоқсан айында Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты ұстағаны туралы хабарлаған. Сол кезде қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды. Бірнеше қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Тергеу әрекеттері барысында жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды. Сондай-ақ олардың «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды. Осыған орай осы жылдың 13 ақпанында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел уәкілдері жоғарыда аталған қылмыстарға қатысы бар тағы да 8 адамды ұстады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға