Жаңалықтар

ҰҚК Кәрім Мәсімовтің рақымшылық жасау туралы өтініш бергенін растады

ҰҚК Кәрім Мәсімовтің рақымшылық жасау туралы өтініш бергенін растады
Фото: Gov.kz 18.06.2024 11:33 551

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылғы наурызда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің рақымшылық жасау туралы өтініш бергенін растады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Комитеттегілер оған қатысты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын да алға тартты.

Қазіргі таңда Мәсімов Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында.

Айта кетейік, былтыр 23 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған. Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған.

Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға