Жаңалықтар

ҰҚК Бішкек-Нарын-Торугарттағы инженерлік қоршауларға қатысты пікір білдірді

ҰҚК  Бішкек-Нарын-Торугарттағы инженерлік қоршауларға қатысты пікір білдірді
Фото: ҚР ҰҚК 09.05.2023 00:11 702

Әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілері Жамбыл облысында Қазақстан аумағы арқылы өтетін 800 метрлік Бішкек-Нарын-Торугарт қырғыз автожолын қолдануға бөгет жасайтын инженерлік қоршауларды құрып жатқаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ҰҚК мәліметінше, аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бұл учаске бойынша қозғалыс Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы келісімге (2017 жылғы 25 желтоқсаннан) сай жүзеге асады. ҚР ҰҚК Шекара қызметі осы жол учаскесіне жақын жерге инженерлік қоршаулар орналастыруда. Бұл жұмыстар қазақстандық аумақта жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Ал қойылып жатқан қоршаулар шекара режимінің бұзылуына жол бермеуге және екі жақты келісімдердің сақталуына жағдай жасайды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар транзиттік өтуге кедергі келтірмейтінін және жол қозғалысының тоқтатылмағанын атап өткіміз келеді. Қырғызстандық серіктестер қойылатын қоршаулар туралы алдын ала хабардар етілген, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға