ҰҚК: Абай облысында «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры ұсталды
28.07.2023 21:04
Фото:
ҚР ҰҚК
Абай облысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Оны 2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен аумақтық прокуратура бірлесіп қолға түсірген.
Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, - делінген ҰҚК мәліметінде.
Күдікті Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

