ҰОК президенттігіне Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды
Фото: instagram.com/gggboxing
Фото: instagram.com/gggboxing
14.02.2024 22:27
1360
Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенттігіне қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы басылым редакциясына құжат жеткен.
Бүгін, 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда президенттікке кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралған.
Головкинді бұл лауазымға Олимпиадалық спорт федерациялары ұсынған.
Еске салсақ, бұған дейін бұл лауазымға Геннадий Головкин тағайындалатыны туралы ақпарат тараған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Геннадий Головкин әлемнің мықты боксшылары қатарынан шығып қалды
- Қазақстандық бапкер Тунис құрамасымен Олимпиадаға төрт лицензия ұтып алды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға