Жаңалықтар

ҰОК президенті Геннадий Головкин Бангкокке жұмыс сапарымен барды

ҰОК президенті Геннадий Головкин Бангкокке жұмыс сапарымен барды
Фото: t.me/olympickz 11.05.2024 21:41 700

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылық құрамы Азия Олимпиада кеңесінің 43-і Бас Ассамблеясына қатысу мақсатында Бангкок қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин бастаған команданың жұмыс сапары Бас Ассамблея жиынына қатысумен шектелген жоқ. Сапар барысында олар көптеген екіжақты кездесулер өткізді. Оның ішінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) өкілдері, АОК басшылары мен Азиядағы өзге де ҰОК жетекшілері бар. 

Комитеттің мәліметінше, екіжақты келіссөздер ішінен ХОК вице-президентімен, Сингапур ҰОК басшысы, мистер Сер Минанг Нгмен, АОК президентінің міндетін атқарушы Радж Рандхир Сингхпен, сондай-ақ, Сауд Арабиясы ҰОК вице-президенті, ханзада Әл-Сауд Фахад бин Жавали бин Абдулазиз Әл Саудпен және АОК вице-президенті Отабек Омаровпен болған кездесулер жемісті өткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға