Жаңалықтар

ҰОК Головкиннің жалақысы жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

ҰОК Головкиннің жалақысы жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ҚР ҰОК 14.07.2024 14:17 1194

Әлеуметтік желіде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті президентінің жалақысына қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан ҰОК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

ҰОК мәліметінше, Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ.

Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған.

Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асуда, делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға