Жаңалықтар

Университеттегі оқытушылардың жалақысы көтеріледі

Университеттегі оқытушылардың жалақысы көтеріледі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 24.10.2023 14:45 958

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов республикалық бюджет жобасына ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты түзету енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының жалақысын көтеру туралы бірнеше тапсырма берді. ЖОО-лар гранттарды бөлу арқылы бюджеттен қаржыландырылатындықтан, біз бюджет есебінен төленетін бір гранттың құнын көтеруді ұсындық. Әсіресе, магистратурада бюджеттік гранттардың құнын көтеру маңызды, - деді мәжілісмен.

Депутат осыдан бірнеше жыл бұрын тиісті министрлік бакалавриат пен докторантура гранттарының құнын бірнеше есеге өсіргенін атап өтті. Сол себепті профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеруге мүмкіндік туды.

Бірақ бүгінгі күні бұл шараларды жаңарту маңызды. Сондықтан комитет бюджеттік заң жобасына бұл өзгерістерді енгізуге бастамашы болып, келесі жылға тиісті түзету енгізілді. Түзетулерді қабылдау университет оқытушыларының жалақысын орта есеппен 40 пайызға көтеруге мүмкіндік береді, - деді Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға