Универсиада-2015: жеңіл атлеттер Қазақстанға алтыншы «алтын» әкелді
Қазақстанның жеңіл атлетші қыздары Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсиада-2015 жарысында ұлттық құрамаға алтыншы «алтын әкелді». Қыздар бұл медальді эстафетадан (100 метрден төртеу) жеңіп алды. Осылайша, эстафета біткен уақытта Қазақстан жалпы есепте 10-орынға көтерілді.
Виктория Зябкина, Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова және Анастасия Тулапина аталмыш дистанцияны 44.8 секунд уақытта бағындырып, АҚШ (44.95) пен Таиланд (45.03) командаларынан озып кетті.
Атап өтерлік жайт, бұл жеңіс Зябкинаға Кванджудағы Универсиаданың үшінші «алтын медалін» әкелді. Бұған дейін ол 100 және 200 метрлік дистанцияны жеңген болатын.
Бұл –Кванджудағы Қазақстан құрамасының медалі. Енді ұлттық құрамамызда 6 алтын және 4 қола медаль бар. Осының арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте онынша орынға көтеріле алды. Қазір, ұлттық құрама он бірінші орында.
Жалпы турнир бойынша 272 медаль комплектісі ойнатылады. Еске сала кетейік, Кванджу қаласындағы жазғы Универсиада 21 ойын түрі бойынша өтуде. Универсиада ережесі бойынша, 13 ойын міндетті: баскетбол, судағы поло, волейбол, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, суға секіру, үлкен және үстел теннисі, спорт және көркем гимнастика, футбол және сайысу. Қалған ойындар жарысты өткізуші елдің қалауымен қосыла береді. 2013 жылғы Қазандағы Универсиада бағдарламасымен салыстырғанда, бұл жолы бағдарламаға бейсбол, гандбол, гольф, садақ ату және таэквондо кірген.
Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин жазғы Универсиадада ұлттық құраманың алғашқы «алтын» медалін жеңіп алған болатын.
Дәурен Омаров