Үндістанда жолбарыс шабуылынан соң 18 мектеп уақытша жабылды
24.07.2025 08:24
Фото:
©Pixabay.com
Үндістан билігі үш жергілікті тұрғынды талап өлтірген жолбарыстың кесірінен 18 мемлекеттік мектепті уақытша жабуға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Money Control басылымының жазуынша, аңшылар жыртқышты бір аптадан бері ұстай алмай жүр.
Жолбарыс соңғы уақытта Уттар-Прадеш штатындағы Пилибхит аймағында, Пилибхит жолбарыс қорықтарының маңына қайта-қайта келеді екен. Ол соңғы рет 17 шілдеде 50 жастағы әйелді жеп қойған, - делінген мәліметте.
Порталдың мәліметінше, жыртқышты ұстау операциясын қалың қант қамысы мен күріш алқаптары қиындатып отыр - жолбарыс дәл сол жерлерде тығылып жүрген көрінеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

