©Pixabay.com

Үндістанда жолбарыс қорық қызметкерін талап тастады

15.10.2025 00:12

Үндістандағы Перияр қорығында жолбарыс қорықтың қараушысын талап өлтірді. Бұл туралы The News Indian Express басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Жолбарыс жартылай жеп қойған қараушының денесі Сабарамал орманындағы Поннампаламеду аумағынан табылды. Қаза тапқан адам – 32 жастағы Анил Кумар, – делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, Кумар үш күн бойы қызмет орнынан оралмаған соң, іздестіру жұмыстары басталған. Нәтижесінде оның денесі табылып, алдын ала болжам бойынша, ол жолбарыс шабуылының құрбаны болған.