Үндістанда теміржол апаты 15 адамның өмірін жалмады
18.06.2024 09:49
Фото:
© El.kz
Үндістанның шығысында тауар тасымалдайтын пойыз бен жолаушылар пойызы соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде 15 адам көз жұмып, тағы 60 шақты адам жарақат алған.
Соңғы деректер бойынша, қайтыс болғандар арасында тауар тасымалдайтын пойыздың екі машинисі мен жолаушылар пойызының күзетшісі бар.
Құрбандар саны артуы мүмкін, себебі оқиға орнында құтқару жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала болжам бойынша, соқтығысқа пойыздардың жүру кестесінің өзгеруі себеп болуы мүмкін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

