Uttar Pradesh Police Special Task Force/AP Photo/picture alliance

Үндістанда «ойдан шығарылған» мемлекеттердің елшісі ұсталды

Үндістанның құқық қорғау органдары 47 жастағы ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Ол өз өзін ойдан шығарылған мемлекеттердің елшісі ретінде таныстырып, азаматтарды алдап, шетелде жұмысқа орналастыруды уәде еткен.

Полиция мәліметі бойынша, күдікті Харшвардхан Джайн Нью-Дели қаласының маңындағы жалға алынған сәнді үйінде осындай әрекеттерін жүзеге асырған. Тергеушілердің айтуынша, ол өзін «Себорга» және «Вестарктика» атты елдердің «елшісі» немесе «кеңесшісі» ретінде таныстырып келген. Алайда, бұл елдер шын мәнінде жоқ, олар картада жоқ және ешбір мемлекетпен мойындалмаған.

Джайн адамдарға өзінің «достас елдерде» байланыстары бар екенін айтып, шетелде жақсы жұмыс табуға көмектесе алатынын мәлімдеген. Полицияның айтуынша, күдікті сенімді көріну үшін жалған «елшілік» құрған: жалған құжаттар, мөрлер, туғылар мен әлемдік көшбасшылармен түсірілген суреттер де жасалған. Оның үйінде жалған дипломатиялық нөмірлермен жабдықталған қымбат көліктер тұрды. Ішінде полиция жалған төлқұжаттар, Үндістанның Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ойдан шығарылған елдердің эмблемалары бар құжаттарды тапты. Сонымен қатар, тексеру кезінде Джайның үйінен шамамен 4,5 миллион рупий (шамамен 28,3 миллион теңге) және шетелдік валюта тәркіленді. 

Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, Джайн бай отбасында дүниеге келіп, Үндістан мен Лондонда бизнес саласында білім алған. 2011 жылы ол тыйым салынған спутниктік телефон қолданғаны үшін ұсталған.

Қазіргі уақытта оған жалған құжат жасау, алаяқтық және ресми тұлға мәртебесін заңсыз иемдену бойынша айыптар тағылған. Полиция тергеуді жалғастырып, оның әрекеттерінен қанша адамның зардап шеккенін анықтауда.