Үндістан мен Қытай арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта жанданды
27.10.2025 07:01
Фото:
©Pixabay.com
Екі ел арасындағы тікелей әуе рейстері 26 қазаннан бастап қайта іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бес жылдық үзілістен кейінгі алғашқы рейсті әлемдегі ең ірі әрі Азиядағы екінші ірі әуе компаниялардың бірі - IndiGo орындады. Ұшақ Калькуттадан Гуанчжоуға бағытталып, шамамен үш жарым сағат ұшты.
Ұшу жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22:00-де басталып, таңғы төрттер шамасында қонған.
Қытайдың ең ірі әуе тасымалдаушысы China Eastern Airlines те өз бағыттарын 9 қарашадан бастап іске қосады. Компанияның ұшақтары Шанхай – Дели бағыты бойынша аптасына үш рет қатынайтын болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

