Жаңалықтар

«Ұмай» әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады

«Ұмай» әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 12.09.2024 13:58 396

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы келесі жылы қайта іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов желідегі парақшасында жариялады.

Ипотеканы алу үшін алғашқы жарна ретінде несиенің 20 пайызын «Отбасы» банкінің депозитінде сақтау қажет. Іріктеу кезінде депозиттегі жинақталған сыйақының көлемі маңызды рөл атқарады. Қатысушыларға ешқандай кезекте тұрудың қажеті жоқ. Ал пәтерді кез келген қаладан немесе ауылдан сатып алуға болады. Бұрын 4 қалаға – Астана, Алматы, Атырау, Ақтауға өтінімдер көлемі бойынша шектеулер болған. Енді бұл шектеулер де жойылды. Айтпақшы, біздің банкте бірге қарыз алушы ата-аналардан бастап, күйеуі, ересек балалары, құрбылары, достары мен туыстары бола алады, - деп жазды Ақшанов. 

Бағдарламаға кез келген отбасылық мәртебеге ие әйел кісі қатыса алады.

Әрі бұл әйелдің бірінші, екінші немесе үшінші пәтері болуы мүмкін. Қатысушылардың табысы 900 мың теңгеден аспауы керек, - деп жазды банк өкілі.

Сонымен қатар әйелдер өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдаланып, жақын туыстарының ақшасын да депозитке аударуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға