Жаңалықтар

Ұлытаулық полицейлер 300 келі марихуананы жойды

Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді
Ұлытаулық полицейлер 300 келі марихуананы жойды
Фото: polisia.kz 15.11.2022 21:00 1235

Ұлытаулық полицейлер 300 келі марихуананы жойды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 қараша күні Ұлытау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлытау аудандық полиция бөлімі және аудандық прокуратура өкілдерімен бірлесіп, жалпы салмағы 300 келіден асатын марихуананы жойды.

1 маусымнан бастап республика аумағында “Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – есірткі, психотроптық заттарды заңсыз өсіруді анықтау және жолын кесу. Облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлытау аудандық полиция бөлімі және аудандық прокуратураның қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын жоюға акция ұйымдастырды.

Акцияға жергілікті білім ошақтарының жоғары сынып оқушылары қатысып, полиция қызметкерлері есірткінің зардабы жайлы түсіндірді. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары тәркіленген қарасора тұқымдас өсімдіктерді жойып, өртеп жіберді.

Жойылған есірткі заттары – 1400 түп қарасора тұқымдас өсімдік. Полиция қызметкерлері осылайша 300 келіден астам марихуананың қара нарыққа өтуіне жол бермеді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға