Ұлытаудағы шахта апаты: Үйінді астында қалғандардың есімдері белгілі болды
17.02.2025 23:15
Фото:
© Pixabay.com
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахтадағы оқиға кезінде үйінді астында қалған 7 жұмысшының аты-жөндері белгілі болды. Олардың тізімі жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ондағы мәліметте облыстық ТЖД жедел штабының республикалық жедел штабқа жолдаған есебі жазылған.
Апат болған кеніште Меңдібаев бригадасының 7 жұмысшысы қалып қойған. Олар:
- Нұрылдаев О. – энергетик;
- Жақұбаев А. – тау-кен шебері;
- Кенжебеков О. – жүк тиегіш-тасымалдау машинасының машинисі;
- Ақшалов Н. – сорғы қондырғысының машинисі;
- Молдабеков Ғ. – сорғы қондырғысының машинисі;
- Жұмадулаев Б. – сорғы қондырғысының машинисі;
- Рожков К. – электрслесарь.
Еске салсақ, бүгін 17 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішінде 640 метр тереңдікте тау жынысы опырылып, 7 жұмысшы үйінді астында қалды. Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

