Жаңалықтар

Ұлытауда есірткі сатумен айналысқан такси жүргізушісі ұсталды

Ұлытауда есірткі сатумен айналысқан такси жүргізушісі ұсталды
Фото: Polisia.kz 12.07.2024 05:32 629

Ұлытау облысында есірткі заттарын сатумен айналысқан таксист ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Жезқазған қаласында Ұлытау облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің ауласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізген деген күдікпен 43 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісін ұстады.

Автокөлік құралын тексеру кезінде полицейлер жасыл түсті өсімдік тектес ұнтақ заты бар 12 қағаз орамасын тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, зат жалпы салмағы 52 грамнан асатын “гашиш” есірткісі болып шықты.

Ұсталған адамның айтуынша, ол такси жүргізушісі болып жұмыс істейді және өзінің негізгі еңбек қызметі кезінде есірткі таратумен айналысқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға