Видеодан кадр

Ұлытауда дін өкілдері арасында отбасылық спорттық жарыс өтті

Ұлытау облысының дін өкілдері арасында отбасылық «Ынтымақ аренасы: Ұлттық спорт пен рухани келісім алаңы» спорттық сайыс өтті, деп хабарлайды  El.kz интернет порталы.

Қатысушылар атқа міну мен садақ ату бойынша арнайы шеберлік сабақтарына қатысып, ұлттық дәстүр мен өнерді дәріптеді. Ал балалар арасында асық ату сайыстары ұйымдастырылып, қазақтың көне ойынына деген қызығушылық артты. 

Жарыс қорытындысы бойынша садақ атудан жеңімпаздар:

Беркеев Балтабек – Сәтбаев қаласы, «Агапе» шіркеуі;

Жақыпбеков Медет – Жезді кенті мешітінің имамы;

Азбергенов Нұрсұлтан – Сәтбаев қаласы, «Балғамбет Балқыбайұлы» мешіті.

Асық атуда медресе шәкірттері ерекше белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды. Атқа міну шеберлігін көрсеткендерге Алғыс хаттар табысталды. Барлық қатысушыға дипломдар мен естелік сыйлықтар ұсынылды.