Жаңалықтар

Ұлытауда боранды күні адасып қалған күзетші аман-есен табылды

Ұлытауда боранды күні адасып қалған күзетші аман-есен табылды
Фото: Видеодан кадр 04.01.2024 07:28 800

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында күзет фирмасының қызметкері боранды күні адасып қалған. 43 жастағы күзетші аман-есен табылды. Алайда ол бірнеше күн ауруханада ем қабылдауы тиіс, деп хабарлайды El.kz.

Жаңаарақа ауданының полиция бөліміне 2 қаңтарда сағат 21.35-те күзет фирмасының учаске бастығынан хабарлама келіп түскен. Оның айтуынша, С.Сейфуллин ауылында тұратын 43 жастағы күзетші жоғалып кеткен. Жаңа жыл қарсаңында ер адам ауылдан 16 шақырым жерде орналасқан "Бестоған" нысанында ауысымда болған екен. 2 қаңтарда кешкі уақытта жұмыстан шыққан ол өзінің ауылына жаяу шығып, қыздарын жаңа жылмен мүмкіндігінше тезірек құттықтауға асыққан. Алайда ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Хабарлама түскен бойда іздеу шаралары ұйымдастырылды. Адасқан ауыл тұрғынын іздеуге Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, ТЖБ қызметкерлері және С. Сейфуллин ауылының тұрғындары жаппай кірісті. Сондай-ақ жол талғамайтын қарда жүретін көліктер тартылды. Іздестіру шаралары нәтижесінде түнгі сағат 03.00 шамасында ер адам С.Сейфуллин ауылынан 40 шақырым қашықтықтағы жазық даладан табылды. Оның айтуынша, боран басталғаннан кейін жол бағдарын жоғалтып, адасып кеткен. Ауылға барар жолды таппай далада тоқтамай жүре берген, - деп хабарлады Ұлтытау облыстық Полиция департаментіндегілер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ұлытау Облысының Полиция Департаменті (@policeofulytau)

Табылған ауыл тұрғыны алдымен ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер ер адамның жағдайын қанағаттанарлық деп отыр. Дегенмен бірнеше күн ауруханада болу қажеттігін айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға