Жаңалықтар

Ұлытауда ауылды дамытуға бөлінген қаражат игерілмеген

Ұлытау облысының әкімі қаржының неге игерілмегенін түсіндірді
Ұлытауда ауылды дамытуға бөлінген қаражат игерілмеген
Фото: ult.kz 17.01.2023 11:02 1135

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жиында бөлінген қаражаттың үлкен бөлігі игерілмей, аяқталмай қалған жобаларды түсіндірді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ұлытау облысына 2022 жылы Ұлттық қордан 4 ауылдық елдімекенде 5 жобаны іске асыруға 634, 2 млн.теңге бөлініп, оның 358,3 млн теңгесі игерілген.

«Қаражаттың игерілмеуі ауа-райының қолайсыздығына және Қарағанды облысының шарттары бойынша міндеттемелерінің кешіктірілуі себеп болды. Төрт нысан бойынша 480 млн теңге қаражат бөлініп, 280 млн теңгесі игерілді. Құрылыс монтаждау жұмыстары орта есеппен 35 пайызға орындалды. Жобалар 2023 жылға өтпеді. Құрылысты аяқтау үшін облыстан 124 млн.теңге бөлініп, 126 млн.теңгесі Ұлттық қорға қайтару үшін өтінім дайындадық», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға