Жаңалықтар

Ұлытау облысының бұрынғы әкімі Ұлттық музей директорының міндетін уақытша атқарады

Ұлытау облысының бұрынғы әкімі  Ұлттық музей директорының міндетін уақытша атқарады
Фото: facebook/ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі 11.10.2024 19:07 476

Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық музейдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова музейге арнайы барып, Берік Әбдіғалиұлын ұжымға таныстырды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.
- 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;
- 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;
- 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
- 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға