Ұлытау облысындағы кеніште жұмысшы қаза тапты
07.09.2023 15:15
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Ұлытау облысындағы «Өркен» ЖШС кенішінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақпараттың хабарлауынша, қазіргі уақытта арнайы комиссия 39 жастағы ұңғымашының мерт болу себебін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, кенші тау жыныстары үйіндісінің астында қалып қойған.
«Өркен» ЖШС кенішінде жазатайым оқиға болғанын қатты өкінішпен хабарлаймыз. 1984 жылы туған ұңғымашы қаза тапты. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр», - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.
Кәсіпорын басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтты.
Қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдау ұжымдық келісімшартқа сәйкес көрсетілетін болады, - деп жазды компания өкілдері.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

