Жаңалықтар

Ұлытау облысында жолдардың негізгі учаскелеріндегі ақаулар жойылды

Ұлытау облысында жолдардың негізгі учаскелеріндегі ақаулар жойылды
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 21.08.2024 18:40 466

Ұлытау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғам мен жергілікті атқарушы органдар, «ҚазАвтоЖол» ҰК және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК өкілдерінен құралған мониторингтік топпен бірлесіп 9 учаскедегі автожолдарды салу және реконструкциялау сапасын бақылауды жүзеге асырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, биылғы маусым айында «Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан, Домбауыл кесенесі», «Қаражал-Атасу» және А-16 «Жезқазған - Петропавл» (143-163 км) жол учаскелерінде мониторингтік топ жарықтар, шөгінділер, шұңқырлар, қабыршақтану және т. б. сияқты түрлі ақауларды анықтады.

Жол жамылғысының сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар шеңберінде аталған кемшіліктер жойылды. Сонымен қатар  биылғы шілде айында «Жезқазған-Петропавл» А-16 автожолы учаскесін қорытынды бақылау барысында 151 және 155 километрде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатының тегіс еместігі анықталды, - делінген мәліметте.

Жол учаскесін мердігерлік ұйымы түзететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға