Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған бес адамды тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, кеше Жезді ауылынан жеңіл автокөлікпен бес адам «Бидаш-ана» шаруа қожалығына шығып, хабарсыз кеткен. Бүгін туыстары құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ күштері дронның көмегімен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бүгін іздестіру тобы жоғалғандарды тауып, Жезді ауылына эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Белгілі болғандай, техниканың ақаулығынан олар қар құрсауында қалып қойған, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

