Ұлытау облысында мемлекетке 218 млн теңге қайтарылды

Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев
28.10.2024 14:04
494
Облыстық прокуратура мәліметінше, прокурорлық тексеру барысында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңгені құрады. Прокурорлық ден қою шараларымен бұзушылықтар жойылды. Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша жауапқа тартылды (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық), - делінген мәліметте.
Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.

Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады
Келесі жаңалық
ҚПЛ клубына сербиялық маман бас бапкер болып тағайындалды