Ұлытау облысында мал іздеуге кеткен екі адам батпаққа батып қалған
06.01.2025 20:07
Фото:
ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері екі адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне кеше таңертең Қызылжар кентінен Бетпақ дала жаққа оңтүстік бағытта екі адам көлікпен мал іздеуге шығып, жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Іздеу тобы 9 сағаттан кейін Сұркеңгір учаскесінде жоғалған екі адамды тапты. Олар көлікпен балшыққа батып қалған екен. Құтқарушылар көлікті балшықтан сүйреп шығарып, Қызылжар кентіне дейін сүйемелдеді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

