Жаңалықтар

Ұлытау облысында ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды

Ұлытау облысында ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.11.2024 10:10 386

Ұлытау облысында есірткімен күрес бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңды айналымына бақылау жүргізу мақсатында медициналық мекемелерді, дәріханаларды және кәсіпорындарды тексерді. “Дәрмек” жедел-алдын алу шарасы барысында рецептсіз күшті әсер ететін дәрілерді заңсыз сату бойынша үш дерек анықталды.

Сонымен қатар бес есірткіге қатысты қылмыс әшкереленді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жәйрем кентінің тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Күдіктінің үйіне санкцияланған тінту жүргізу кезінде 4 килограмм марихуана табылып, тәркіленді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға