Ұлытау облысында далада қалған 50 жолаушы құтқарылды
23.01.2025 07:36
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Ұлытау облысында бұзылып қалған автобустың жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаражал қаласынан 20 шақырым жерде 50 жолаушыны тасымалдап келе жатқан автобус ақауға ұшырап, қатты боран салдарынан жолда қалып қойғаны белгілі болды.
Автобусты жөндеу жұмыстарын ЖШС қызметкерлері жүргізді. Сонымен қатар басқа ЖШС-нің арнайы техникасы жолды қардан тазартты.
ТЖМ қызметкерлері жолаушылары бар автобусты Қаражал қаласындағы №7 мектепке дейін сүйемелдеді, онда олар суықтан қорғалды. Автобус жүргізушісі қолының саусақтарын үсітіп алғандықтан, оған медициналық көмек көрсетілді және ол ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

