Сәтбаев қаласының ПБ кезекші бөліміне әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды шешіп беремін деп 65 мың теңге алған алаяқтық әрекет туралы арыз түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мұндай арыздар Сәтбаев қаласының тұрғындарынан одан кейін де түскен.
ҚР ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетпен айналысқан 29 жастағы келіншекті ұстады.
Күдікті әлеуметтік желі арқылы екінші деңгейлі банктерде бұғатталған есепшоттарды шешіп беремін деген желеумен жарнама беріп, бұл ақпаратқа сенген қала тұрғындарынан ақша алып отырған, - делінген полиция таратқан мәліметте.
29 жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 9 млн теңгеден асты.
Күдікті қылмысын мойындады, іс сотқа жолданды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

