Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны танысына алданып қалды
16.08.2023 05:25
Фото:
© Polisia.kz
Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны танысына алданып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, 11 тамызда Тараз қаласының полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны арыз қалдырған.
Жәбірленушінің сөзінше, 28 шілде күні ұлын Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге берген.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасып жатыр, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

