©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Ұлыбританияда судья шешім шығару үшін жасанды интеллектіні пайдаланды

Ұлыбританиялық судья Кристофер Макналл салық ісі бойынша шешім шығару кезінде жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген чат-ботты қолданды. Бұл туралы The Sun-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, Жаңа Зеландия мен Маврикийдегі офшорлық трасттардан түскен кірістер ісіне қатысты 11 адам апелляция түсірген. Судья Макналлға салық инспекторы декларациялар көшірмелерін, мәлімдемелерді, ішкі құжаттарды және электрондық хаттарды шетелдік әріптестеріне берген-бермегенін анықтау қажет болған.

Тараптардың ұстанымдары маған ұсынылған жазбаша мәлімдемелер мен басқа да материалдарда толық баяндалған. (…) Мен ЖИ-ді заңдық тұрғыда зерттеулер жүргізу үшін емес, құжаттарды қысқаша мазмұндау үшін қолдандым. Шешімді мен қабылдаймын және сол үшін жауап беремін, – деді судья.