Жаңалықтар

Ұлыбритания билігі әлемге пандемия қаупі төніп тұрғанын айтты

Ұлыбритания билігі әлемге пандемия қаупі төніп тұрғанын айтты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 27.05.2024 08:25 408

Ұлыбританияның министрлер кабинетінің бас ғылыми кеңесшісі Патрик Валланс пандемиядан қашып құтылу мүмкін еместігін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, Британияның жаңа үкіметі соған дайындыққа кірісуі қажет.

Валланс қауіпті анықтайтын заманауи жүйені тездетіп ойлап табу керектігін алға тартты.

Валланс диагностикалық тестілеуге, вакциналарға тез арада қол жеткізудің маңызына тоқталды. Сол арқылы сұмдықтың алдын аламыз деп отыр. Ол пандемияға қарулы қақтығысқа дайындалған секілді аса жауапкершілікпен қарауды ұсынды.

Сарапшы әлем қазіргі уақытта пандемияға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмей отырғанын айтып, бұл мәселе G7 және G20 саммиттерінің күн тәртібінен алынып тасталса, онда әлем 2020 жылғыдай қасіретті бастан кешеді деп санайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға