Видеодан кадр

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды (LIVE)

Астанадағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.