Жаңалықтар

«Ұлы қазақ» деген кім? Этнограф Болат Бопайұлы жауап берді

«Ұлы қазақ» деген кім? Этнограф Болат Бопайұлы жауап берді
Фото: жеке мұрағат 24.10.2024 14:37 488

Жеті қат жер бетінде, алты қат аспан астында тегі бұзылмаған, қаны таза, жаны пәк бір ұлы халық бар десек, ол – «Ұлы Қазақ». Себебі,«ұлы қазақ»— адамзат тарихының сан ғасырларлық дауылды боран шапқындарынан, дүлей тасқынды ауыр қиын күрделі сынақтарынан сүрінбей өтіп, өз тектілігін сақтаған дана халық. Бүгін осы ұлы шындыққа күллі әлем адамдарының көзі жітіп, «ұлы қазақтың» тек ғылымына мойын ұсынып отыр. Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы осылай деп мәлімдейді және бұл мақалада ұлы қазақтың қалай қалыптасқанына тоқталды.

Тек ғылымының атасы – «Ұлы қазақ»

Қазақ халқының ең ұлы құндылықтарының бірі — жеті атадан қыз алыспау дәстүрі. «Жеті атасын білген ұл жеті рудың қамын жер» деген ұлы сөзді тек ғылымының негізі деп қарастыруға болады. Сонау тас дәуірінде (шамамен 67 миллион жыл бұрын, кайназой дәуірінен де бұрын) медициналық ғылым дамымаған кезде де қазақтар жақын туыстықты құрметтеп, туыстық байланыстардың тазалығын сақтай білді. «Туысы бірдің – уысы бір», «Қаны бірдің – жаны бір», «Бірге туған бірге өледі», деген нақыл сөздер арқылы жақын туыстардан қыз алмау арқылы қанның тазалығын сақтады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ халқы отыз бірінші атаға дейін туыстық шежірені сақтап келді.

Адамзат жаралғалы, қазақ халқы өмір сүргелі осы терең білім мен ғылымды, парасатты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Тек ХІХ ғасырда медицинасы дамыған Еуропа ғылымы арқылы расталды. Бұл дәстүрдің ғылыми негіздерін анықтап, тек ғылымының атасы – «ұлы қазақ» екеніне көздері жетіп, ғылми дәлелмен мойындады.

«Ұлы қазақтың» тарихта қалаптасқан жеті ата атауы

Өзің (бірінші ата): әрбір адам жеті ата тізбегінің бірінші буыны болып табылады. Адам өзінен бастап, өзінің арғы аталарына қарай жеті буынға дейін таратады.

Әке (екінші ата): әке – ұрпақтың биологиялық және әлеуметтік жалғасы. Әкеден балаға физикалық, рухани, тәрбиелік және әлеуметтік құндылықтар беріледі.

Ата (үшінші ата): ата –  ұрпаққа негіз болған тұлға. Атаның ұрпақтарына қан тегі ғана емес, оның өмірлік тәжірбиесі, рухани мұрасы да беріледі.

Арғы ата (төртінші ата): арғы ата – ұрпақтың төртінші буыны. Ол ұрпаққа генетикалық және биологиялық ерекшеліктермен қатар, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жеткізуші тұлға болып есептеледі.

Баба (бесінші ата): баба – ру мен әулеттің тарихы мен мәдениетін жалғастырушы. Бабаның тұлғасы ұрпақ үшін тәрбиелік, рухани тұрғыдан маңызды.

Түп ата (алтыншы ата): түп ата – жеті ата тізбегінде алтыншы орынға ие. Түп атадан тараған ұрпақтар әлі де бір-біріне жақын туыстық деңгейде болады.

Тек ата (жетінші ата): тек ата — жетінші буын. Тек атадан кейінгі ұрпақтар қазақ дәстүрі бойынша бір-бірімен қыз алыса алатын дәрежеде туыстықтан алшақтайды.

Тек ғылымының медцинадағы зерттеу сараптамасы

«Ұлы қазақтың» жеті ата дәстүріне негізделіп , Еуропа ғалымдары биологиялық тұрғыдан қанның атадан балаға берілуінің, қан тегі әр атадан өткен сайын екі есеге азайып отыратынын дәлелдеді. Міне, дәл осы жерде «ұлы қазақтың» жеті ата дәстүрінің күллі әлем еліне үлгі болып танылған тұсы осы.

Қанның азаюы ұрпақтар бойындағы пайызбен көрсетілуі

Атадан ұрпаққа ауысатын қанның азаю түсіндірмесі:

Өзің (1-ұрпақ) – 100%: сіздің генетикалық кодыңыз толық, яғни 100% сізге тән.

Әке (2-ұрпақ) – 50%: сіз генетикалық ақпараттың 50%-ын әкеңізден аласыз, қалған 50%-ы анаңыздан келеді.

Ата (3-ұрпақ) – 25%: сіздің атаңыз сізге генетикалық ақпараттың 25%-ын береді, себебі әкеңіздің гені атаңыз бен әжеңізден жарты-жартыдан келген.

Арғы ата (4-ұрпақ) – 12.5%: арғы атаңыздан сізге 12.5% генетикалық ақпарат беріледі, өйткені әр ұрпақ сайын генетикалық үлес екі есеге азаяды.

Баба (5-ұрпақ) – 6.25%: бабадан келген генетикалық ақпараттың үлесі — 6.25%.

Түп ата (6-ұрпақ) – 3.125%: түп атаңыздың генетикалық үлесі сізде 3.125% болып қалады.

Тек ата (7-ұрпақ) – 1.5625%: жетінші атаңыздан сізге қалған генетикалық ақпарат 1.5625%-ға тең.

8-ұрпақ – 0.78125%: сегізінші атаңыздан сізге 0.78125% генетикалық ақпарат беріледі.

9-ұрпақ — 0.390625%: тоғызыншы атаңыздан келген генетикалық үлес — 0.390625%.

10-ұрпақ – 0.1953125%: оныншы атадан — 0.1953125% генетикалық ақпарат қалады.

11-ұрпақ – 0.09765625%: он бірінші ұрпақта генетикалық ақпарат 0.09765625%-ға дейін азаяды.

12-ұрпақ – 0.048828125%: он екінші атадан — 0.048828125% үлес келеді.

13-ұрпақ – 0.0244140625%: он үшінші атаңыздан — 0.0244140625% генетикалық ақпарат беріледі.

14-ұрпақ –  0.01220703125%: он төртінші атадан сізге 0.01220703125% ақпарат қалады.

15-ұрпақ – 0.006103515625%: он бесінші атаңыздан 0.006103515625% генетикалық үлес беріледі.

16-ұрпақ – 0.0030517578125%: он алтыншы ұрпақта – 0.0030517578125% қалады.

17-ұрпақ – 0.00152587890625%: он жетінші атадан — 0.00152587890625% генетикалық ақпарат келеді.

18-ұрпақ –  0.000762939453125%: он сегізінші атадан — 0.000762939453125%.

19-ұрпақ — 0.0003814697265625%: он тоғызыншы ұрпақта — 0.0003814697265625%.

20-ұрпақ – 0.00019073486328125%: жиырмасыншы атадан — 0.00019073486328125% генетикалық ақпарат қалады.

21-ұрпақ – 0.000095367431640625%: жиырма бірінші ұрпақта генетикалық үлес өте аз — 0.000095367431640625%.

22-ұрпақ – 0.0000476837158203125%: жиырма екінші атадан — 0.0000476837158203125%.

23-ұрпақ – 0.00002384185791015625%:

Жиырма үшінші ұрпақта генетикалық үлес — 0.00002384185791015625%.

24-ұрпақ – 0.000011920928955078125%: жиырма төртінші ұрпақта генетикалық ақпарат — 0.000011920928955078125%.

25-ұрпақ – 0.0000059604644775390625%: жиырма бесінші ұрпақта — 0.0000059604644775390625%.

26-ұрпақ – 0.00000298023223876953125%: жиырма алтыншы ұрпақта — 0.00000298023223876953125%.

27-ұрпақ – 0.000001490116119384765625%: жиырма жетінші ұрпақта — 0.000001490116119384765625%.

28-ұрпақ – 0.0000007450580596923828125%: жиырма сегізінші атадан — 0.0000007450580596923828125%.

29-ұрпақ – 0.00000037252902984619140625%: жиырма тоғызыншы ұрпақта — 0.00000037252902984619140625%.

30-ұрпақ – 0.000000186264514923095703125%: отызыншы ұрпақта — 0.000000186264514923095703125%.

31-ұрпақ — 0.0000000931322574615478515625%: отыз бірінші атадан — 0.0000000931322574615478515625% генетикалық ақпарат қалады.

Әр ұрпақ сайын қанның үлесі екі есеге азайып, генетикалық байланыс төмендей береді. Міне, ХІХ ғасырда ғана анықталған тек ғылымын біздің ұлы ата бабаларымыз, одан жүз мың жылдар бұрын, тіпті қазақ болып жаралғалы жеті ата араламай қыз алыспау дәстүрін атқарып келеді. Әуелі отыз бірінші атаға дейін қыз алыспайтын рулар арамызда бар.Бұл қазақ халқының «ұлы қазақ» болып қалыптасуына алтын арқау болған ұлы идеяның жемісі деуге болады. Мұндай ұлы дәстүр жер бетіндегі қазақтан басқа бірде-бір ұлтта жоқ дәстүр.

«Ұлы қазақ» тарихта аттан жығылса да, ешқашан салтан жығылмаған жер бетіндегі бірден-бір ұлы халық. Біз үшін бұл үлкен әлемді мәртебе. Отыз атадан асқаннан кейін бар қазақ бір-біріне туыс деген ұлы тағылыммен өмір сүреді. Қазақтың ұлы ұлт болып өмір сүруі осы даналығынан танылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға