Жаңалықтар

Ұлттық волонтерлер желісі Түркияға тағы да көмек жіберді

Бұл туралы АҚДМ мәлім етті
Ұлттық волонтерлер желісі Түркияға тағы да көмек жіберді
Фото: gov.kz 20.02.2023 17:54 1017

Ұлттық волонтерлер желісі бүгін 8 тонна затты Қазақстандағы Түркия елшілігі арқылы Түркия Республикасына жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісінің есепшотына 100,0 млн теңгеден астам қаржы жиналды.

Өңірлер бойынша 660 тонна гуманитарлық көмек жиналып (Алматы қаласы 50, Алматы облысы 68, Ақтөбе облысы 11, Қызылорда облысы 3, Түркістан облысы 25, Шымкент 50, Жамбыл облысы 400, Павлодар 7, ШҚО 10, қалған өңірлер 30 тоннадан астам), оның 500 тоннасы Түркияға жіберілген.

Бұған қоса қазақстандықтар Түркияға 150-ге жуық киіз үй жөнелтті.

Этномәдени орталықтар да үлес қосып, 125 млн. теңге жинап берді. Этномәдени бірлестіктердің қолдауымен 54 млн 448 мың теңгені құрайтын тұрмысқа қажетті заттар Түркия Республикасына жолданды.

Жалпы, қайғылы оқиғаға байланысты халық жұмылып, блогерлер, кәсіпкерлер, волонтерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер мен белсенді азаматтар өз үлесін қосып жатыр.

Мәселен, Қазақстандағы Түркия елшілігі AFAD қорына қазақстандықтардан 3 млн. АҚШ долларына жуық қаржы түскенін хабарлады. Мәселен ЖОО, Зекет (80 млн. теңге), Қызыл Жарты-Ай және басқа да ұйымдары да бұл игі істен қалыс қалмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға