Жаңалықтар

Ұлттық ұланның жеке құрамы жазғы әскери киім үлгісіне көшті

Ұлттық ұланның жеке құрамы жазғы әскери киім үлгісіне көшті
Фото: Polisia.kz 16.04.2025 09:13 295

ҚР ІІМ Ұлттық ұланда жеке құрам жазғы әскери киім үлгісіне көшті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған орай ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында жеке құрамның саптық қарауы өтті. Іс-шара маусымдық киім үлгісіне көшу тәртібін сақтау, сондай-ақ саптық дайындық пен командаларды үйлесімді орындау дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Саптық қарау барысында әскери қызметшілердің сыртқы келбеті мен жеке құжаттары тексерілді, сонымен қатар саптық жаттығуларды орындау машықтары бағаланды. Әскери қызметшілердің үлгілі сыртқы көрінісі мен тәртібін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Айта кетейік, осы күннен бастап өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің әскери қызметшілері де белгіленген талаптар мен үлгілерге сәйкес жазғы әскери киім киюге көшуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға