Жаңалықтар

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Азия чемпионы атанды

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Азия чемпионы атанды
Фото: polisia.kz 29.04.2023 21:41 1061

Ұлттық ұланның елордадағы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ержан Еренқайыпов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдодан ашық Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

28-29 сәуір аралығында Кувейт астанасы – Эль-Кувейтте өткен жарысқа әлемнің 27 елінен 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 8 салмақ дәрежесінде 15 спортшы сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Оңтүстік Корея құрамасынан кейін екінші орынға ие болды.

Қазақстандық спортшылардың қоржынында 7 медаль бар: 2 алтын, 2 күміс және 3 қола.

Әлемдік аренада біздің құраманың атынан алтын медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Финалда мен түрікмен дзюдошысы Довран Язкылычовпен кездестім. Бұл керемет жекпе-жек болды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановқа осы жарысқа қатысуға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ өз жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін, – деді ефрейтор Ержан Еренқайыпов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға