Петропавлда Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тұрғын үйлердің бірінің жанында табиғи газдың ағып кетуіне жол бермеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді.
20 қазан күні сағат 20.15 шамасында Е.Брусиловский көшесінде патрульдеу кезінде Иван Шалавин, Никита Корнеев және Нұрасыл Оралхан өткір газдың иісін сезеді.
"Иісті сезген бетте байланыс құралдары арқылы бірден кезекшіге хабарладық. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметі де шақырылды. Басшылықтың нұсқауымен қауіпсіздік үшін газдың ағуы ықтимал периметрді қоршауға алуды ұйымдастырдық", - деді қатардағы Иван Шалавин.
10 минуттан кейін оқиға орнына апаттық қызмет өкілдері келіп, газдың ағып кетуі қаупін жойып, әскери қызметшілерге қызметтегі қырағылығы мен жауапкершілігі үшін алғыс айтты.
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тұрғын үйде табиғи газдың ағып кетуіне жол бермеді
Оқи отырыңыз
3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады30 Наурыз, 13:17
Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?12 Наурыз, 10:11
«Бірден камераға түсіріп, айыппұл салады». 12 наурыздан бастап не өзгереді?11 Наурыз, 18:45
Түнде жұмыс істеу ағзаға қалай әсер етеді? Мамандар ескерту жасады