Жаңалықтар

Ұлттық ұланға жаңа басшы тағайындалды

Ұлттық ұланға жаңа басшы тағайындалды
Фото: Ақорда 18.09.2024 14:44 313

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұған дейін осы қызметті атқарып келген Еркін Советбекұлы Ботақанов лауазымынан босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға