Ұлттық ұлан сарзбаздары 101 жастағы соғыс ардагерін құттықтады
22.02.2025 10:49
Фото:
Жібек жолы телеарнасы
Ғасыр жасаған ардагер Рзағұл Байкешевтің ауласында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, ардагер тұратын үйдің алдынан шеру жасап өтті.
Майдангер ақсақалды Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, сый-сияпат табыстады.
Рзағұл Байкешев 17 жасында майданға аттанған.
Ол Ресейдің Калинин облысында, Рыжов және Великий Луг қалалары маңындағы шайқастарға қатысты.
Рзағұл Байкешев ерлігі мен батырлығы үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Маршал Г. К. Жуков» атындағы медальмен марапатталған.

