©El.kz

Ұлттық ұлан сарбаздары есінен танып қалған көрермендерге көмек көрсетті

07.07.2025 12:24

Елордада “Астана күні” және “Ұлттық Домбыра күні” мерекелері аясында елордада бірқатар мәдени іс-шара өтті. Соның бірі-кеше “Астана Арена” стадионы жанындағы ашық алаңда ұйымдастырылған Open Air форматындағы концерт, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мерекелік кешке ондаған мың көрермен жиналды. Алайда концерттің басталуы жоспарланған уақыттан сәл кешігіп, жұртшылық ұзақ уақыт бойы тік тұрып күтуге мәжбүр болды. Нәтижесінде бірнеше адам әлсіреп, кейбірі тіпті есінен танып қалды.

Осы сәтте қоғамдық қауіпсіздікті бақылап тұрған Ұлттық ұлан сарбаздары жедел әрекет етіп, жағдайы нашарлаған азаматтарға тиісті жәрдем көрсетті.

Концертте көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін елге танымал әртістер — «Дос-Мұқасан» тобы, 6elucci, Қазыбек Курайш, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Limba, Атилла, Аро, Назима, Ильхан, Тұрар және Жұбаныш Жексен өнер көрсетті.

Еске сала кетейік, 6 шілде күні Қазақстанда “Астана күні” мен “Ұлттық Домбыра күні” қатар тойланды. Осыған орай еліміздің барлық өңірінде мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)