Ұлттық ұлан әскери қызметшісі жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті
30.03.2025 00:28
Фото:
Ұлттық ұлан
Астана – Степногорск автожолында Hyundai Creta және Chevrolet Niva көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы сәтте Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 3517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ақкөл ауылынан Степногорск қаласына бара жатқан еді. Оқиғаны байқаған қатардағы Бауыржан Ахметов бірден зақымдалған көліктерге жақындап, жарақат алған жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Мен тек өзімнің міндетімді орындадым. Қиын сәттерде әскери қызметшілер әрдайым адамдарға қол ұшын созуы керек, — деді аға санитарлық нұсқаушы Бауыржан Ахметов.
Әскери қызметшінің жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендердің жағдайы медицина қызметкерлері келгенге дейін тұрақталды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ұландықтың кәсібилігін жоғары бағалап, оның әрекеттерінің дұрыс болғанын атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

